Атырау, 26 тамыз 20:40
 дождьВ Атырау +29.8
$ 458.48
€ 534.68
₽ 5.43

Қазақстанда партияны тексеру туралы жалған ақпарат тарады

411 рет қаралды
ЖИ көмегімен жасалған сурет
ЖИ көмегімен жасалған сурет

Қазақстанның Бас прокуратурасы БАҚ-та «Әділет» саяси партиясына қатысты жүргізілді делінген тексеріс туралы ақпаратты теріске шығарды.

Жалған мәліметтерді тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қадағалау органының хабарлауынша, 4 тамызда кейбір бұқаралық ақпарат құралдары Бас прокуратураның атынан партия қызметіндегі тексеріс нәтижелері мен анықталған заңбұзушылықтар туралы пресс-релиз жариялаған.

«Бұл көрінеу жалған ақпарат болып табылады, Бас прокуратура мұндай сипаттағы хабарламаны жарияламаған, тексеру жүргізбеген.», — деп мәлімдеді ведомстводан.

Сотқа дейінгі тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы (көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша жүргізіліп жатыр.

Бас прокуратура журналистер мен онлайн-платформа пайдаланушылары жарияланатын мәліметтердің шынайылығын тексеруге және жалған әрі заңға қайшы ақпаратты таратпауға міндетті екенін еске салды.

Ведомство азаматтарды тек Бас прокуратураның интернет-ресурсында орналастырылған ресми хабарламаларға сенуге шақырды.

4 тамыз, 17:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.