Атырау, 4 тамыз 17:44
 дождьВ Атырау +34.2
$ 475.38
€ 547.73
₽ 5.93

​«Әншілер — шайтанның азаншысы»: Жетісайдағы тойда айтылған даулы тілекке Карин мен ҚМДБ пікір білдірді

106 рет қаралды
Видеодан алынған стоп-кадр
Видеодан алынған стоп-кадр/ ЖИ-мен өңделген

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Карин мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) Жетісайдағы тойдан тараған резонансты бейнежазбаға қатысты үн қатты.

Той үстінде тост сөйлеген қонақтардың бірі музыкадан бас тартуға және ерлер мен әйелдерді бөлек отырғызуға шақырған.

Бейнежазбаны Instagram желісінде әнші Роза Әлқожа жариялады. Кадрда қалыңдықтың туысы тойларда ішімдіктен бас тартқаннан кейін тағы екі қадам жасау қажеттігін айтады:

«Біріншінден, музыкадан құтылу керек. Екіншіден, ерлер мен әйелдер бөлек отыруы тиіс. Егер тойларды әртістерсіз өткізетін болсақ, олар жұлдыз болуды қояды әрі танымалдылығынан айырылады. Шариғатта оларды „шайтанның азаншысы“ деп атайды», — деді ер адам.

Роза Әлқожа мұндай мәлімдемелер бұл сөзді айтқан адамның деструктивті діни ағымдардың біріне қатысы бар екенін білдіруі мүмкін деген болжам жасады. Әнші Жетісай әкімдігін бұл жағдайға назар аударуға шақырды.

Ресми өкілдер арасынан видеоға бірінші болып Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Карин үн қосты. Ол әйелдерді қорлауды, әншілер мен музыка өнеріне қатысты жағымсыз сөздерді Қазақстанның ұлттық құндылықтарына жат деп атады.

« Қазақстан – зайырлы мемлекет. Біздің темірқазығымыз – Конституция. Бірінші орында діни шектеулер емес, еліміздің заңдары тұрады.», — деп жазды Карин.

Оның айтуынша, өнер мен мәдениетті дінге қарсы қою да – асыра сілтеушілік. Мемлекетіміз таңдаған жол бұл емес. Керісінше, еліміз білім мен ғылымға, өнер мен мәдениетке басымдық беріп келеді. Көпшілік алдында адамдарды бұлайша алалау, өз пікірін қасақана тықпалау әдептілікке жатпайды. Біз өзара құрмет пен мәдениетті биік қоямыз. 

«Ұлттық болмыс пен елдік ұстанымдарға қайшы келетін мұндай әрекеттерге қоғам болып тосқауыл қоюымыз қажет», — деп атап өтті Мемлекеттік кеңесші.

Өз ұстанымын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да білдірді. ҚМДБ ислам діні адамның қадір-қасиетін түсіруге, әйелдерді қорлауға және өнер саласының өкілдеріне дөрекі айыптаулар айтуға тыйым салатынын мәлімдеді.

Басқарма өкілдері ислам ғұламалары адамгершілікті, ата-ананы құрметтеуді, Отанға деген сүйіспеншілікті, жақсылық пен ұлттық дәстүрлерді дәріптейтін әндерге рұқсат беретінін қоса айтты.

Бүгін, 16:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.