Атырау, 4 тамыз 21:57
 дождьВ Атырау +35
$ 475.38
€ 547.73
₽ 5.93

«Лотте Рахат» ақпараттық шабуылдарға қатысты пікір білдірді

89 рет қаралды

«ЛОТТЕ Рахат» АҚ басқарма төрағасы Ахмед Ахраров мемлекет тарапынан адал бизнестің мүдделерін қорғаудың маңыздылығын атап өтті, деп хабарлады "POVestka" телеграм-каналы.

«Лотте Рахат» басқарма төрағасы Ахмед Ахраров мемлекет тарапынан адал бизнестің мүдделерін қорғаудың маңыздылығын атап өтті.

Ол жалған ақпарат тарату тек белгілі бір өндірушінің беделіне ғана емес, жалпы отандық өнімге деген тұтынушы сеніміне де зиян келтіретінін айтты. 

Компания әрқашан фактілерге, зертханалық зерттеулерге және заң талаптарына сүйене отырып өнім сапасын талқылауға дайын екенін жеткізді.

Ахраров бәсекелестік ортада халықаралық ірі компаниялармен күрес жүріп жатқанын, сондықтан әділ әрі заңды бәсекелестік қажет екенін атап өтті. 

Оның айтуынша, соңғы уақытта эмоциялық бағалар мен тексерілмеген деректерге негізделген жарияланымдар көбейіп, мұндай формат тұтынушыларды дұрыс ақпараттандыруға көмектеспейді.

Компания әлеуметтік желілерде полемикаға бармайтынын, керісінше өндірісті жетілдіруді жалғастырып, өнім сапасын растайтын құжаттарды ұсынуға әрқашан дайын екенін мәлімдеді.

Еске сала кетейік, 4 тамызда Үкімет отырысында Олжас Бектенов отандық бизнесті ақпараттық шабуылдардан қорғау мәселесін көтерген болатын.

Бүгін, 20:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.