Атырау, 13 қазан 12:37
 дождьВ Атырау +20
$ 451.31
€ 504.56
₽ 5.36

Атырау зауыты 1 000-ыншы жартылай вагонды жасап, халықаралық нарыққа шығып жатыр

67 рет қаралды

Атыраудағы вагон жасау зауытында мыңыншы жартылай вагон жасап шығарылды. Айтулы оқиға Машина жасаушылар күніне орайластырылып, вагон өндірістік цехтан салтанатты түрде шығарылды.

Салтанатты іс-шараға Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов қатысты. Аймақ басшысы өңірде мұнай-газ саласымен қатар машина жасау бағыты да дамып, заманауи өндіріс орындары құрылып, жаңа жұмыс орындары ашылып жатқанын атап өтті. 

—Атырау вагон жасау зауыты — осы жұмыстардың жарқын үлгісі. Кәсіпорын сериялық өндірісті жолға қойып, өнім түрлерін көбейтіп, сыртқы нарыққа шығып жатыр. Моңғолиямен арада вагон жеткізу туралы келісім бар. Бұл біздің отандық өнімге сұраныс бар екенін көрсетеді. Зауыт төңірегінде вагондар жасап шығару, сынақтан өткізу және жөндеу бағыттарын біріктіретін өндірістік кластер қалыптасып келе жатыр, – деді Болат Ақшолақов.

Атырау вагон жасау зауыты — Орталық Азияда жүк вагондарын жасап шығаратын жаңадан салынған толық циклды алғашқы кәсіпорын. Зауыттың қуаты — жылына 6-8 мың вагон. Бүгінде өндірістік желіде жартылай вагондар, жабық вагондар, хоппер вагондары, сұйытылған газ пен мұнай өнімдерін тасымалдайтын цистерналар бар. 

Зауыт келесі жылы модельдер қатарын кеңейтіп, күкірт қышқылы мен өсімдік майларын тасымалдауға арналған цистерналар, 80 футтық фитинг платформалар жасап шығаруды қолға алмақ. 

Биылғы шілдеде Атырауда теміржолдың жылжымалы құрамын сынақтан өткізетін тәуелсіз ғылыми-зерттеу орталығы ашылды.

2026 жылдың аяғына дейін 500 қызметкерді жұмысқа қабылдап, оқыту көзделген. Болашақта жұмысшылар саны 3 500 адамнан аспақ.

Бүгін, 11:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.