Атырау, 26 қазан 23:21
 дождьВ Атырау +11.1
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60

Бірнеше минуттың ішінде лап етіп жанды: Астанада тұрғын үй кешенінің автотұрағында бірден бес көлік өртеніп кетті

238 рет қаралды
видеодан скриншот
видеодан скриншот

Елордадағы Сарайшық ауданында тұрғын үй кешендерінің бірінің маңындағы ашық автотұрақта ірі өрт шықты. Өрт салдарынан бірден бес жеңіл автокөлік жанып кетті.

Төтенше жағдай А. Байтұрсынов көшесінде болған. ТЖД алғашқы есептоптары оқиға орнына жеткен кезде, бес көліктің барлығы ашық жалынмен жанып жатқан. Қатты желдің екпіні өрттің тез таралуына себеп болды — жалын тұрақта тұрған бір көліктен көршілес көліктерге лезде ауысқан.

Құтқарушылар шақырту түскеннен кейін жеті минуттан соң оқиға орнына жетіп, өртті жедел сөндірді. Осылайша жалынның маңайдағы басқа көліктерге және тұрғын үй кешенінің инфрақұрылымына таралуына жол берілмеді.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері мен нақты мән-жайларын мамандар анықтап жатыр.


6 қазан, 10:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.