
Бізде жарияланған мақаладан кейін Атырау қаласының әкімдігі ретро-дискотекаларды өткізуге қойылған тыйымды алып тастады.
Белгілі болғандай, шенеуніктердің мақалаға білдірген реакциясы тез болды. Тыйым күшін жойды. Бұл жаңалықты «АЖ» редакциясына дискотеканың бастамашысы әрі ұйымдастырушысы Руслан Күмісқалиев растады. Оның айтуынша, жақын арада қала тұрғындарының сүйікті музыкалық кештері қайта жанданады.
Еске сала кетейік, бұған дейін әкімдіктегілер дискотеканы өткізуге рұқсат бермеу себебін тұрғындардан тыныштықты бұзу және ұсақ бұзақылықтар бойынша шағым түсуіне байланысты деп түсіндірген еді. Дегенмен, полиция өкілдері дискотекаларға тікелей қатысты тіркелген ресми арыз-шағымдардың мүлдем болмағанын хабарлады.
Әрине, мұндайда таңғалмасқа лажың жоқ: бұл тыйымның күшін жою үшін тұтас зерттеу жүргізу міндетті ме еді? Қала тұрғындарының үніне құлақ асу үшін БАҚ-та міндетті түрде мақала шығуы керек пе?
Десек те, ең бастысы — енді Ретро-парк өзінің негізгі міндетін қайта атқара алады. Яғни, жай ғана абаттандырылған аумақ болып тұрмай, адамдар кездесетін, араласатын, демалатын және билейтін орынға айналады.
Лев ГУЗИКОВ
В Атырау +24.4