Атырау, 19 тамыз 13:42
 дождьВ Атырау +29.4
$ 460.13
€ 532.60
₽ 5.42

​«Өтемақының орнына жүріс арбасы»: сал болып қалған жұмысшы моральдық зиян үшін әкімдікпен соттасуда

55 рет қаралды

Атырау облысында аула сыпырушы аудандық әкімдік қызметкерлерінің тапсырмасын орындау кезінде омыртқасына ауыр жарақат алып, сал болып қалды. Еңбек инспекциясы кінәнің 70 пайызын шенеуніктерге жүктеді. Алайда отбасы тиісті төлемді бір жылдан астам уақыт бойы ала алмай отыр, деп хабарлайды Орда.

Қайғылы жағдай 2025 жылдың қаңтарында Құрманғазы ауданында болған. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, аула сыпырушыны аудан әкімдігі аумағындағы ағаш бұтақтарын кесуге жіберген. Ер адам биіктіктен құлап, омыртқасын сындырып, І топтағы мүгедектік алған.

Жәбірленушінің жұбайының айтуынша, мемлекеттік еңбек инспекциясы тексеріс жүргізіп, оқиғаны өндірістік жарақат деп таныған.

«Кінә үлесі былай бөлінді: 70 пайыз – жұмыс берушінің (аудан әкімінің аппаратының) жауапкершілігі, 30 пайыз – жұмысшының. Бірақ соған қарамастан бізге ешқандай компенсация төленген жоқ», – деді әйел.

Әкімдік пен сот не дейді? 

Атырау облысы әкімдігінде еңбек инспекциясының қорытындысын растады, бірақ отбасыға көмек көрсетілгенін айтты.

«Жәбірленушінің өкілі өтінген соң дәрі-дәрмек пен жүріс-тұрыс құралдары сатып алынды. Отбасына Атырау мен Астанада емделу және оңалтуға қолдау көрсетілді», – деп мәлімдеді облыстық әкімдік.

Полиция мен өңірлік соттардың баспасөз қызметі істің азаматтық сипатқа ауысқанын хабарлады: жәбірленуші Құрманғазы аудандық әкімінің аппаратына жоғалған табысты, сондай-ақ материалдық және моральдық зиянды өтеуді талап етіп, арыз берген.

Бүгін, 12:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.