
Атырауда ер адам өзінің азаматтық некедегі әйелін үш жасар қыздың көз алдында өлтіріп, қашып кеткен. Алдын ала деректер бойынша, мәйіт бір тәулік бойы жатқан.
Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, қылмыс жасады деген күдікпен 37 жастағы ер адам ұсталды.
«Тұрмыстық жанжал барысында әйелді өлтірді деген күдікпен 37 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол марқұммен азаматтық некеде тұрған. Бұл факті бойынша “Адам өлтіру” бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды», — деп хабарлады Атырау облысы ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр. Қылмыстық істі тергеу жалғасуда.
Айгүл Мансурова
В Атырау +32.9