
5 шілде шамамен сағат 16:00-де Индер ауданы Есбол ауылында қайғылы жағдай орын алды.
Бауырымен Жайықтың жағасына келген 13 жасар жасөспірім бала суға кетіп қалды.
Есбол ауылдық округінің әкімі Асхат Тілекқабыловтың айтуынша іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, алайда бала табылмай тұр. Іздестіру жұмыстарына құтқарушылар жұмылдырылып, жергілікті тұрғындар атсалысып жатыр.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
В Атырау +25.3