
Атырауда екі қоғамдық автобус соқтығысқан жол-көлік оқиғасы орын алды. Апат салдарынан алты жолаушы жарақат алып, облыстық ауруханаға жеткізілді.
Атырау облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, апат 22 маусымда сағат 08:00 шамасында Амандосов көшесінде болған.
Алдын ала мәліметтер бойынша, Yutong маркалы автобустың қозғалыс кезінде тежегіш жүйесі істен шыққан. Тоқтау мүмкіндігінен айырылған жүргізуші дәл сол сәтте жол жиегінде тұрған дәл сондай маркалы басқа автобусқа соғылған.
— Жол-көлік оқиғасы салдарынан әртүрлі дене жарақатын алған алты жолаушы облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазір аталған дерек бойынша тиісті материалдар жинақталып жатыр, — деп хабарлады полициядан.
Апаттың мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.
Айгүл МАНСҰРОВА
В Атырау +25.5