Атырау, 14 шілде 06:10
 дождьВ Атырау +23.1
$ 477.11
€ 545.58
₽ 6.20

​Атырауда үш көлік соқтығысып, Haval​ жүргізушісі ауруханаға түсті

488 рет қаралды
Видеодан жасалған скриншот
Видеодан жасалған скриншот

19 маусым сағат 17:30 шамасында Өркен шағын ауданында Haval, Renault Duster және Hyundai Elantra автокөліктері соқтығысқан жол-көлік оқиғасы орын алды.

Апат салдарынан Haval автокөлігінің жүргізушісі жарақат алып, Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді.

Атырау облысы Полиция департаментінің мәліметінше, қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, қажетті материалдар жинақталып жатыр.

Полиция жүргізушілерге қиылыстардан өткен кезде жол жүру ережесін сақтап, жол белгілерінің талаптарын орындау және жолда мұқият болу қажет екенін еске салды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

20 маусым, 18:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.