Атырау, 16 қаңтар 20:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -8
$ 510.95
€ 594.49
₽ 6.50

Атыраулық тұрғын өзін «Хакердің» құрбаны деп атады

64 рет қаралды
Скриншот: Динараның Threads-тегі жазбасынан алынған
Скриншот: Динараның Threads-тегі жазбасынан алынған

Қала тұрғыны әлеуметтік желідегі аккаунтын қалпына келтіру үшін қызмет ақысын төлегенін, алайда барлық соманы алған соң орындаушы байланысқа шықпай қойғанын айтты.

Әйел адам өз сөзін дәлелдеу үшін чек, квитанциялар мен аударымдар жайлы мәліметтерді жариялады.

Қала тұрғыны Динара Threads желісінде жариялаған жазбасында әлеуметтік желідегі парақшасына қайта кіру мүмкін болмағанын айтты. 2025 жылдың 23 сәуірінде ол өзін @hacker.atyrau деп таныстырған қолданушымен байланысқан. Ол парақшаны қалпына келтіруге көмектесетінін айтып, қызметі үшін 150 мың теңге талап еткен.

Динара ақшаны бөліп-бөліп аударғанын мәлімдеді: алдымен 75 мың теңге, кейін 15 мың теңге мен 60 мың теңге аударған. Жазбасында ол аударымдарды растайтын чек, квитанциялар мен хат алмасу үзінділерін жариялады.

Барлық соманы алғаннан кейін орындаушы байланысқа шықпай қойған. Кейін оның жұбайы сөйлескен телефон нөмірінің Қазақстаннан тыс жерде тіркелгенін анықтаған. Осыдан соң пайдаланушы қайта байланысқа шығып, шетелде екенін хабарлаған.

Динараның айтуынша, үшінші тұлғалардан алынған ақпаратқа сәйкес, @hacker.atyrau атты қолданушының жергілікті блогерлердің біріне шамамен бес миллион теңге қарыз және бұған дейін де клиенттермен ұқсас жанжалдарға қатысқан.

Сонымен қатар, Динараның айтуынша, қазіргі уақытта «Хакер» өзін жәбірленуші ретінде көрсетіп, қаржы жинай бастаған және жазылушылардың қолдауына ие екенін мәлімдеген. 

«Ақ Жайық» @hacker.atyrau қолданушысымен Instagram арқылы байланысуға тырысқан еді, алайда жарияланым шыққан сәтте жауап болмады.

Бұған дейін редакция Жангелдин ауылынан жоғалған отбасы ісін тергеу аясында да оған жүгінген, онда ол күдікті Сұлтан Сарсемалиевтің SIM-карта деректерін талдауға өзінің қатысы бар екенін мәлімдеген еді. Ол кезде де ешқандай жауап болмады.

Жеке хат алмасуда біз Динарадан құқық қорғау органдарына жүгінді ме, қылмыстық іс тіркелді ме және сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр ма деп нақтыладық. Материал жарияланған сәтте бұл сауалдар жауапсыз қалды. Материал екінші тараптың ұстанымы алынғаннан кейін толықтырылатын болады.

Айнұр САПАРОВА

Бүгін, 18:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.