Атырау, 28 наурыз 22:51
 бұлттыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

«Раш» қонақ үйіндегі өрт

1 791 просмотра

25 сәуір күні кешкісін  Баймұханов көшесінде орналасқан  «Раш» қонақ үй кешенінде (суретте) өрт шықты. Өрт шамамен 400 шаршы метрді қамтыды. Оқиғаны көргендердің айтуынша, кешеннің шатыры жалындап жанғандықтан жақын маңдағы көшелерде көлік қозғалысы тоқтатылған екен.

Өрт нәтижесіндеқонақ үйдің төртінші қабаты (14 нөмір) және мансард бөлігі түгелімен жанып кеткен. Қонақ үйден басқа ғимаратта кафе, мейрамхана және сауна мен бильярд залы орналасқан. Сол кезде жапа шеккендер туралы ақпараттар болған жоқ.

Облыстық апаттан құтқару жұмыстары және өрт сөндіру қызметінің бастығы Омар БИЖАНОВТЫҢхабарлағанындай, шақырту 19.40 минутта түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орынына бірнеше минуттардан кейін жеткен. Ал, 19.50 минутта «Атырау-Жарыққа» жанып жатқан нысанды электр тогынан ажырату үшін бригада жіберу жөнінде өтініш жасалды. Олар 25 минут өткеннен соң келді. Содан кейін ғана өрт сөндірушілер өз жұмыстарына кірісті.

-Мұндай жағдайлардағы ең қымбат уақытты өткізіп алдық,-деп атап өтті О.Бижанов. Ол сондай-ақ, өрттің 22.05. сағатта толығымен сөндірілгенін хабарлады. Өртті сөндіруге 12 бірлік техника, оның ішінде «Атма-Аэропорт» және «АМӨЗ» ЖШС қызметтері және жеке құрамнан 50 адам жұмылдырылды.

Оқиға орын алған жерде жауап алушылар жұмыс жасауда, өрттің шығу себебі және келтірілген залал жөнінде әзірге ештеңе анықтала қойған жоқ.   

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

28 сәуір 2011, 14:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.