Атырау, 24 тамыз 19:08
 дождьВ Атырау +35.7
$ 456.88
€ 534.64
₽ 5.47

​Қазақстан мен Финляндия Каспийді қорғау және 40 млн долларлық орман орталығын салу жобаларын талқылады

42 рет қаралды
Сурет: gov.kz
Сурет: gov.kz

Астанада ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі мен Финляндия Парламентінің депутаты Вилле Скиннари кездесіп, екіжақты экологиялық серіктестікті дамыту мәселелерін талқылады. Келіссөздер барысында Каспий теңізін қорғау, Ақкөлде халықаралық оқу орталығын ашу және «Орталық Азияның жасыл қалқаны» жобалары сөз болды.

Кездесуде талқыланған негізгі бастамалар:

  • Каспий теңізінің экожүйесін қорғау: Финляндиялық «Lamor Corporation» компаниясы ұсынған концепция аясында экологиялық мониторинг жүргізу, мұнай төгінділерін жою және теңіз экожүйесін қалпына келтіру жоспарлануда;

  • Ақкөлдегі Орман шаруашылығы орталығы: БҰҰДБ-мен бірлесіп Астанадан 100 шақырым жерде өңірлік оқу орталығын салу ұсынылды. Бюджеті 40 млн АҚШ долларын құрайтын орталық жыл сайын өрт қауіпсіздігі мен орман шаруашылығы бойынша 1 000-нан астам маман даярлайды;

  • «Орталық Азияның жасыл қалқаны»: Республикалық негізгі автожолдар мен теміржолдар бойында (50–390 км аралығында) қорғаныш орман белдеулерін отырғызу қарастырылған.

Сонымен қатар тараптар «Қазгидромет» пен Фин метеорология институты (FMI) арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге, суды тазарту технологияларын енгізуге және Финляндияның Геологиялық қызметімен (GTK) бірлесіп жұмыс істеуге келісті.

Бүгін, 17:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.