Атырау, 24 тамыз 17:45
 дождьВ Атырау +34.8
$ 456.88
€ 534.64
₽ 5.47

Астанада 150 мың SMS тарату арқылы қазақстандықтардың мәліметтерін ұрлаған қылмыстық топ әшкереленді

Бейнежазба
64 рет қаралды
Видеодан алынған стоп-кадр
Видеодан алынған стоп-кадр

Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтардың жеке мәліметтері мен банктегі ақшасын иемдену үшін SMS-бластер арқылы фишинг хабарламаларын жаппай таратқан қылмыстық топтың жолын кесті. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің бірінің азаматы ұйымдастырған заңсыз схемаға Астана қаласында арнайы жабдықтың жұмысын қамтамасыз еткен жергілікті тұрғындар тартылған.

Қылмыстық схеманың жұмыс істеу механизмі:

  • SMS-бластер қолдану: Ұялы байланыс операторларының сүзгілеу жүйелерін айналып өтіп, базалық станция жұмысын имитациялайтын құрылғы пайдаланылған;

  • Масштабы: Төрт күн ішінде Beeline, Kcell және Activ желілерінің пайдаланушыларына белгілі компаниялардың атынан «бонустарды айырбастау» туралы 150 мыңға жуық жалған SMS жіберілген;

  • Деректерді ұрлау: Хабарламадағы сілтеме арқылы жалған сайтқа өткен қолданушылардың банк картасының деректемелері, CVV-кодтары мен SMS-растау кодтары қолды болған.

Тәркіленген SMS-бластер ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құрал болып танылды. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 399-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, төрт күдікті қамауға алынды.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеудің өзге ақпараттары жария етуге жатпайды. 


Бүгін, 16:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.