
Қазақстан Халық партиясының (ҚХП) бұрынғы төрағасы Ермұхамет Ертісбаев белсенді саяси қызметін тоқтататынын хабарлады. Оның айтуынша, саяси өмірбаянының бұл кезеңі толықтай аяқталды. Ертісбаев бұл шешімін өз жақтастарына жеткізіп, сайлау науқаны кезінде қолдау білдірген барша азаматтарға зор алғысын білдірді.
ҚХП-ның қазіргі төрағасы Нұрсұлтан Шоқанов партияның саяси реформалардың жаңа кезеңіне дайын екенін айтып, өзге саяси күштермен бірлесіп жұмыс істеуге пейілді екенін білдірді. Өз кезегінде Ертісбаев партия ұсынған қазақстандық социализм идеясының күткендей жаппай қолдау таппағанын өкінішпен атап өтті. Ол бұл жағдайға өкпе-ренішсіз қарайтынын және өткенге байланып қалмайтынын жеткізді.
Бұрынғы төраға қоғамдық кеңістіктен біржола жоғалмайтынын, алайда ішкі саяси істерді екінші орынға ысыратынын айтты. Алдағы уақытта ол халықаралық сараптама, тарих, саясаттану және ағартушылық бағытындағы жұмыстармен айналысуды жоспарлап отыр.
Құрылтайға қай партиялар өтті?
Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметі бойынша, жаңа бір палаталы парламентке бес партия өтті.
«Әділет» – 71,17%, «Ауыл» – 6,26%, Respublica – 5,56%, «Ақ жол» – 5,21%, ЖСДП– 5,11% дауыс жинады.
Қазақстанның Халық партиясы 3,11% дауыс алып, Құрылтайға өте алмады. 5 пайыздық межеден «Байтақ» партиясы да аспады. Оған сайлаушылардың 1,07 пайызы қолдау білдірген.
В Атырау +35.7