
Сирия мен Израильдің жоғары лауазымды өкілдері мемлекеттер арасындағы шиеленісті азайтуға бағытталған келіссөздерді Иорданияда бастады.
Сириялық делегацияны өткелі кезең үкіметінің сыртқы істер министрі Асаад аш-Шейбани басқарды. Кездесу АҚШ-тың дәнекерлігімен өтті және ол Израильдің Сирия аумағындағы нысандарға жақында жасаған әуе соққыларына жауап болды. БАҚ мәліметінше, келіссөздер аясында аш-Шейбани Израильдің «Моссад» арнайы қызметінің басшысы Роман Гофманмен де кездескен.
Диалогтың басты тақырыбы АҚШ бақылауымен Иорданияда арнайы операцияларды басқару орталығын құру мүмкіндігі болды. Оның басты міндеті — іс-қимылдарды үйлестіру және өңірде тараптардың тікелей әскери қақтығысына жол бермеу.
Екі ел арасындағы шиеленіс 18 тамызда Израиль ӘӘК Идлиб провинциясындағы Абу-эд-Духур қараусыз қалған әскери аэродромына соққы бергеннен кейін күшейе түсті. Тель-Авив түрік күштерінің болуына байланысты қауіп төніп тұрғанын мәлімдеді, бірақ Анкара бұл мәлімдемелерді теріске шығарды. 2024 жылдың желтоқсанында Башар Асад режимі құлағаннан кейін құрылған Сирияның өткелі кезең үкіметі Израильдің бұл әрекетін негізсіз агрессия деп сипаттады.
В Атырау +35.7