
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Халықаралық конькишілер одағының (ISU) нұсқасы бойынша ғаламшардың ең мықты үш спортшысының қатарына енді. Жаңартылған жаңа әлемдік рейтингте олимпиада чемпионы 3918 балл жинап, үшінші орынға орнықты, деп хабарлайды Қазақпарат.
Ерлер арасындағы жекелей сырғанаудан америкалық фигурист Илья Малинин (4590 балл) көш бастап тұр, ал екінші орынға Жапония өкілі Юма Кагияма (4123 балл) жайғасқан.
Әлемдік табельдегі өзгерістер Қазақстанның басқа да спортшыларына қатысты болды. Әйелдер арасындағы жекелей сырғанауда отандық спортшылар арасында ең үздік нәтижені Софья Самоделкина көрсетіп, 13-орынға көтерілді.
Мұздағы би спортынан Қазақстанның жетекші жубы — Гаухар Наурызова мен Бойсангур Датиев — ISU-дың жаңартылған тізімінде 44-ші орынға шықты.
В Атырау +34.8