Атырау, 6 қазан 19:20
 дождьВ Атырау +18.8
$ 454.98
€ 509.53
₽ 5.37

Гвинея астанасында қоқыс полигоны опырылып, 30 адам қаза тапты

453 рет қаралды

Гвинея астанасы Конакриде Дар-эс-Салам ауданындағы қоқыс полигонының опырылуы салдарынан кемінде 30 адам қаза тауып, 22 адам жарақат алды, деп хабарлайды EADaily. 

Үкіметтің хабарлауынша, оқиға 22 тамыздан 23 тамызға қараған түні қатты жауыннан кейін болған. 

Қоқыс үйіндісінің құлауы бірнеше тұрғын үйді қиратып, алты адам ауыр жарақат алған, тағы 16 адам жеңіл жарақаттанған.

Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілуде.

24 тамыз, 20:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.