
Астанада түнгі уақытта Өндіріс көшесіндегі сауда орнынан бақша өнімдерін ұрлаған күдікті қолға түсті.
Polisia.kz хабарлауынша, 47 жастағы ер адам сатылмай қалған тауарларды иемденуге әрекет жасаған.
Сауда иесі күн соңында қалған өнімдерін жинап, үстін жауып қойған, алайда түнде күдікті еркін қолжетімділікті пайдаланып, 30 қарбыз бен 15 қауынды жасырын алып кеткен.
Таңертең келгенде тауардың жоғалғанын байқаған саудагер дереу полицияға хабарлаған. Жедел-тергеу тобы оқиға орнына барып, бейнебақылау жазбаларын тексерді.
Жүргізілген іздестіру шаралары нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, оның ұрлыққа қатысы бар екені дәлелденді. Қазір бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
В Атырау +33.8