Атырау, 11 желтоқсан 12:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Пәкістанда жер сілкінісінен 200 адам қаза тапты

2 769 просмотра

Фото дереккөзі: rian.ruФото дереккөзі: rian.ruКеше Пәкістанның оңтүстік-батысында жергілікті уақыт бойынша сағат 16:30-да жер асты дүмпулері байқалды, деп хабарлайды Утро.ru.

«АҚШ Геологиялық қызметінің ақпаратына қарағанда, жер сілкінісінің күші 7,8 балды құраған. Кейінірек, 5,9 балдық тағы бір жер асты дүмпуі байқалған. Зардап шеккендер мен қираған аудандардың санын анықтау оңай болған жоқ, өйткені жер сілікінісі елдің тысқары аумағында орын алған»,-делінген хабарламада. 

Алайда ВВС орыс бөлімі қызметінің хабарлауынша, табиғи апаттан 200-ден аса адам зардап шеккен. 182 адамның мерт болғаны ресми түрде расталып отыр, деп мәлімдейді Associated Press мемлекеттік шенеуніктерге сілтеме жасап.

Жергілікті телеарнаның хабарлауынша, зардап шеккен аудандарға гуманитарлық көмек тиелген тікұшақтар жеткізілген.

Жер сілкінісінің қатты болғаны соншалық, кей жерлерде теңіз суы көтерілді. Салдарынан, Пәкістаннан жүз километр қашықтықта орналасқан Араб теңізінде ені 30 м дейін жететін арал пайда болған. Geo News жергілікті телеарнасының хабарлағанындай, арал теңіз деңгейінен 10-12 м биіктікті құрайды.

Дереккөз: bnews.kz

25 қыркүйек 2013, 14:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.