Атырау, 5 желтоқсан 07:09
 ашықВ Атырау +1
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Атыраулық параволейболшылар Қазақстан құрамасының әлем кубогында қола жүлде алуына үлес қосты

509 рет қаралды
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Отырып ойнау волейболынан Қазақстанның ерлер ұлттық құрамасы алғаш рет Әлем кубогында қола жүлдені иеленді. Команда сапындағы 13 спортшының 10-ы – Атырау облысының спортшылары. Дода 9-18 қазан күндері АҚШ-тың Индиана штаты, Форт-Уэйн қаласында өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қола медаль үшін өткен шешуші матчта Қазақстан құрамасы алаң иелері – АҚШ командасын 3:1 есебімен тізе бүктіріп, тарихи жеңіске қол жеткізді.

Биылғы әлемдік додада ерлер арасында 14, әйелдер арасында 6 команда бақ сынады. Іріктеу кезеңінде Қазақстан спортшылары Италия, Канада, Польша, АҚШ, Таиланд және Франция командаларына қарсы сәтті өнер көрсетті.

– Әлем кубогындағы қола жүлде – біздің параспортшылардың жоғары деңгейдегі шеберлігін айқындайтын маңызды жетістік. Сонымен қатар, бұл нәтиже 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиада ойындарына жол ашатын маңызды рейтингтік ұпайларды алып келді. Құрама енді Әлем чемпионаты мен Азия біріншілігіне дайындықты жалғастырады, – деді ұлттық құраманың бас бапкері Бауыржан Тахауов.

Айта кетейік, Қазақстан параволейбол құрамасы биыл алғаш рет Азия чемпионы атанған болатын.

21 қазан, 11:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.