Атырау, 7 желтоқсан 09:06
 бұлттыВ Атырау +1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Екібастұзда жұмысшы өндірісте көзіне зақым келіп, 5 жылдан кейін сот арқылы өтемақы алды

775 рет қаралды

Екібастұз қаласының тұрғыны «Богатырь Көмір» ЖШС-де еңбек шарты бойынша жол жөндеуші болып жұмыс істеген. 2012 жылдың көктемінде қызметтік міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғаға ұшыраған: рельсті кесу кезінде пайда болған металл оның көзіне кіріп кеткен, соның салдарынан ның көздері көрмей қалған.

Тергеу жұмыс берушінің 100% кінәсін және қызметкердің толық кінәсіздігін анықтады. 

Ер адамға қайта тексеру мерзімінсіз ІІІ топтағы мүгедектік тағайындалды. Сондай-ақ 55% кәсіптік қабілетін және 50% жалпы еңбекке қабілетін жоғалту анықталды.

Жәбірленушінің өтінішіне татуластыру комиссиясы моральдық зиянды өтеу өтемақы сомасына қосылмағаны туралы жауап берген.

Жәбірленуші кездейсоқ жағдай оның өмір сүру және жұмыс істеу қабілетін айтарлықтай шектеп, ұзақ емделуді қажет ететінін айтып, ЖШС-дан моральдық шығынды өндіру туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.

Ол мүмкіндігі шектеулі адамдарға тән физикалық және психикалық азапты бастан кешіреді.

Бірінші сатыдағы сот талап қоюды қанағаттандырып, ЖШҚ-дан жәбірленушінің пайдасына моральдық зиянды өтеу ретінде 5 млн теңге өндірді.

ЖШС ақылға қонымдылық пен әділдік қағидаттарын, сондай-ақ оқиға орын алған кезден көп уақыт өткенін алға тартып, өтемақы мөлшерін азайту қажеттігін талап етіп, апелляциялық сатыға шағым түсірген.

АК-ның 952-бабының 2-тармағына сәйкес, моральдық зиянды өтеу мөлшерін айқындау кезінде жәбірленушінің субъективті бағасы, зардаптардың ауырлығы және назар аударуға тұрарлық өзге де мән-жайлар ескеріледі.

Павлодар облыстық соты іс материалдарын зерделей келе, өтемақы мөлшері негізділік пен әділдік өлшемшарттарына сәйкес келеді деп, бірінші сатыдағы соттың шешімін негізді деп таныды.

Бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылды. Қаулы заңды күшіне енді.

4 шілде, 10:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.