Атырау, 5 желтоқсан 07:19
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Тағы да "Атырау" қақпасына қате пенальти белгіленді: ҚФФ матчтың даулы сәтін түсіндірді

Бейнежазба
576 рет қаралды

Төрешілердің қателіктері тағы да "Атырау" футбол клубына соққы болды: ҚФФ пенальти негізсіз белгіленгенін мойындады.

"Атырау" футбол клубының қатысуымен өткен матчтардағы төрешілікке қатысты даулар жалғасуда. Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) 17 мамырда өткен ҚПЛ-дің 9-турында талдықорғандық "Жетісуға" қарсы ойында арбитр Болат Сариевтің "Атырау" қақпасына қате пенальти тағайындағанын мойындады.

ҚФФ Төрешілік және инспекциялау департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштрудың түсіндірмесіне сәйкес, 45+1 минутта қонақ команданың шабуылшысы допты ұстап алуға дайын тұрған атыраулық қақпашыға соғылды. Төреші оған қарсы фол белгілеуі керек еді, бірақ 11 метрлік айып добын тағайындап жіберді. Бұл жағдайда VAR дұрыс жұмыс істеді, бірақ төреші шешімді өзгертпей, бұл даулы қателікке айналды.

Бұл "Атырау" үшін алғашқы даулы төрешілік шешім емес. 30 сәуірде "Астанаға" қарсы өткен матчта арбитр Данил Горда команда қақпасына негізсіз пенальти белгілеген еді.


20 мамыр, 15:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.