
30 сәуірде "Атырау" ФК өз алаңында "Астана" командасын қабылдады. Бұл кездесу Қазақстан Премьер-лигасының 18-турындағы кейінге шегерілген матч болды, деп хабарлайды Sports.kz.
Алғашқы жарты сағатта командалар қауіпті сәттер жасай алмады. Кейін Назми Грипши айып соққысын орындап, оны Нұрасыл Тоқтаров қайтарды. Макс Эбонг допты бағанаға бағыттады, ал Мирас Сапанов Абзал Бейсебековтің аяғына тигеннен кейін пенальти белгіленді. Албандық ойыншы дәл соққы жасады.
"Мұнайшылар" есепті теңестіруге тырысты, бірақ бұл әрекеттер сәтсіз аяқталды. Екінші таймды атыраулықтар белсенді бастағанымен, "Астана" ойыншылар ойынды өз бақылауына алып, Марин Томасовтың күшімен екінші голды соғып, 2:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.
Қазіргі уақытта "Астана" 17 ұпай жинап, алматылық "Қайратпен" теңесті, ал "Атырау" 3 ұпаймен турнирлік кестеде соңғы орындардың бірінде тұр.
Матчтан кейін келесі күні Қазақстан футбол федерациясы Төрешілік және қадағалау департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру ойынның кейбір сәттеріне түсініктеме беруге мәжбүр болды. Пенальтидің тағайындалуы қате деп танылды – "VAR араласуы керек еді".
Матч төрешісі Данил Горда (Көкшетау) және VAR төрешісі Антон Кучма (Көкшетау) жазаға тартылуы мүмкін.
Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ
В Атырау +4