Атырау, 5 желтоқсан 07:18
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Атыраулық парадзюдошылар әлем чемпионатында алтын және қола алқа жеңіп алды

822 рет қаралды

Астанада IBSA Judo World Championships парадзюдо бойынша әлем чемпионатының жеке жарыстары өтті.

Атырау өңірі үшін ерекше мақтаныш – Жұрқамырза Шүкірбеков, ол 95 кг-нан жоғары (J2) салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды. Финалда ол Париж Паралимпиадасының чемпионы, түркиялық Ибрахим Бёлюкбашыны сенсациялық түрде жеңді.

Атырау облысы үшін тағы бір медальді Ерлан Өтепов алып келді. Ол J1 +95 кг санатында өнер көрсетіп, турнирлік кестеден сенімді түрде өтіп, қола жүлдегер атанды.

Бұған дейінгі жарыс күнінде атыраулық парадзюдоистер алғашқы медальдарын жеңіп алған болатын.

Осылайша, екі күндік жарыс қорытындысы бойынша атыраулық спортшылар Қазақстан құрамасының жалпы нәтижесіне үлкен үлес қосып, 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.

Бүгін чемпионат командалық жарыстармен жалғасады. Қазақстандықтар, оның ішінде Атырау өкілдері, халықаралық аренада жаңа марапаттар үшін күресетін болады.

15 мамыр, 14:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.