Атырау, 21 маусым 10:43
 ашықВ Атырау +26
$ 521.57
€ 601.01
₽ 6.65

​Атыраулық парадзюдошылар әлем чемпионатында алғашқы алқаларын жеңіп алды

531 рет қаралды

13 мамырда Астанада парадзюдо бойынша әлем чемпионаты басталды, оған 38 елден 300-ден астам спортшы қатысуда. Бұл турнир 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиада ойындарына іріктеу кезеңі болып табылады.

IBSA Judo World Championships атты паралимпиялық дзюдо бойынша әлем чемпионаты Астанада алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Қазақстан құрамасының сапында Атырау облысынан сегіз спортшы қатысып, мүгедектігі бар жандарға арналған жергілікті спорт клубының атынан сынға түсуде.

Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандықтар екі медаль жеңіп алды:

  • Айназ Құралова J1 санатында 46 кг салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды.
  • Ғалымжан Смағұлұлы J2 санатында 81 кг салмақ дәрежесінде күміс медаль иеленді.

Жүлдеге бір қадам жетпеді

Альфия Тілекқабыл (J1, 52 кг дейін) қола медаль үшін өткен белдесуде жапониялық спортшыға жол берді. Темірболат Ташекенов (J1, 70 кг дейін) ресейлік қарсыласына есе жіберіп, 5-орынға тұрақтады.

Бүгін татамиге кім шығады?

Бүгін келесі қазақстандық спортшылар медаль үшін күреседі:

  • Жүрқамырза Шүкірбеков – Токио Паралимпиадасының қола жүлдегері, +95 кг (J2) санатында өнер көрсетеді.
  • Ерлан Өтепов – +95 кг (J1) санатында белдеседі.
  • Абылай Әділбеков – 95 кг дейінгі (J1) санатында жарысқа қатысады.

Ұйымдастырушылар мен жанкүйерлер қазақстандық спортшылардың жеңісті жолын жалғастырып, еліміздің туын жеңіс тұғырында желбіретеді деп үміттенеді. Астанадағы турнир – маңызды халықаралық жарыс қана емес, сонымен қатар Паралимпиада-2028-ге жолдама алу мүмкіндігі.

14 мамыр, 17:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.