
«Атырау» футболшылары Премьер-лиганың жетінші турындағы «Ордабасыға» қарсы ойын алдында ерекше діни рәсім жасады.
Ол кезде команда турнирдегі алғашқы алты ойында қатарынан жеңіліп, нәтижесіздіктен арылу үшін дәстүрлі құрбандық шалу рәсіміне жүгінді. Футболшылар арнайы құрбандыққа қой шалып, команданың жолын ашуға тырысты.
Алайда бұл әрекет те көмектеспеді – өз алаңында өткен кездесуде «Атырау» «Ордабасыға» 1:2 есебімен есе жіберді. Осы кезеңде клуб сегізінші рет жеңіліп тұр.
Осының алдында "Атырау" футбол клубы мемлекет меншігіне қайтарылатыны туралы хабарланды. Облыстық прокуратураның ұсынысымен қабылданған шешім, ең алдымен, клубты басқаруда тәртіп орнату және оның тиімділігін арттыру қажеттілігімен байланысты.
В Атырау +4