Атырау, 25 сәуір 0238
 ашықВ Атырау +22
$ 517.16
€ 588.48
₽ 6.23

«Атырау» клубы мемлекет меншігіне қайтарылды: реформалар мен ашықтық уәде етілді

1 585 просмотра

«Атырау» футбол клубы мемлекет меншігіне қайтарылды. Облыстық прокуратураның ұсынысымен қабылданған шешім, ең алдымен, клубты басқаруда тәртіп орнату және оның тиімділігін арттыру қажеттілігімен байланысты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Еске салайық, 2018 жылдың ақпан айынан бастап клуб «Атырау» кәсіпқой спорт клубы» қоғамдық қорының сенімгерлік басқаруында болды. Алайда осы жылдар аралығында клубтың спорттағы жеңісінен гөрі, құрылтайшылар мен басшылықтың жиі ауысуы, тұрақты спорттық көрсеткіштердің болмауы, сондай-ақ қаржылық есеп беруде ашықтықтың жеткіліксіздігі үшін көбірек талқыланды.

Облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы клубты мемлекет бақылауына қайтару шығындарды бақылауды күшейтуге және өңірдің футбол инфрақұрылымын дамытуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Бұған қоса, билік ашықтыққа, тұрақты басқаруға және балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға баса назар аудара отырып, клубты кезең-кезеңімен реформалауға уәде беріп отыр.

Бұл шешімді қабылдауға легионерлер санының артуы және бюджет туралы ашық ақпараттың жоқтығы соңғы тамшы болғаны бөлек атап өтіледі. Енді реформалардың уақыты келді.

Бұған дейін «АЖ»-ның ресми сауалына Атырау облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы «Атырау» футбол клубы» ЖШС-нің 2022–2024 жылдардағы қызметіне прокурорлық тексеру қорытындысы туралы ақпарат берген болатын.

Бұған дейін «АЖ»-ның ресми сауалына Атырау облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы «Атырау» футбол клубы» ЖШС-нің 2022–2024 жылдардағы қызметіне прокурорлық тексеру қорытындысы туралы ақпарат берген болатын. Көптеген заң бұзушылықтар анықталды, соның ішінде:

  • - бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану;
  • - сенімгерлікпен басқару шартының талаптарын бұзу;
  • - құрылтайшыға қаржылық есеп берудің жүйелі түрде болмауы;
  • - футболшылар мен жаттықтырушылар жалақысының лимиттен асып кетуі;
  • - құрал-жабдықтарды сатып алу құнының жоғары болуы;
  • - растайтын құжаттарсыз және шығындарды алдын ала мақұлдамай басқармаға есепшот беру;
  • - спорт нәтижелерінің төмендігі – Қазақстан Кубогының финалына шыққанымен (2018, 2019, 2024) клуб чемпионатта 7-орыннан жоғары көтерілмеді;
  • - Қазақстан құрамасына және Еуропаның жоғары лигаларына ойыншылардың дайын болмауы;
  • - жергілікті ойыншылар санын 2021 жылғы 16 ойыншыдан 2024 жылы 5-ке дейін қысқарту, ал шетелдік ойыншылар саны 12-ге дейін артқан.

Басқарма бұл «жергілікті шәкірттердің дамуына теріс әсер ететінін» атап өтті.

Айнұр САПАРОВА

8 сәуір, 23:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.