Атырау, 5 желтоқсан 07:19
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Ата-аналар мен жанкүйерлер «Атырау» ФК менеджерін қызметінде қалдыруды сұрады​

592 рет қаралды
Д.Сыдықбектің әлеуметтік желідегі парақшасынан алынған сурет

«Атырау» футбол клубы - бұл жай ғана команда емес, бұл - қаланың символы, біздің мақтанышымыз. Дәл Дидар Сыдықбектің күш-жігерінің арқасында клуб мемлекеттік меншікке қайтарылды. Біз клуб үшін күресіп жүрген адамдар үшін Дидар Сыдықбек сияқты футбол саласының жанашырлары үшін күресеміз», - деді жанкүйерлер мен ата аналар.

Үндеуде олар Қазақстан Республикасының Президентіне де арнайы үн қатып, облыстық спорт басқармасынан клуб ісіне араласпауын және Дидар Сыдықбекпен жасалған уағдаластықтар мен уәделерді орындауын талап етті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Дидар Сыдықбек өзінің Telegram-арнасында қызметінен өз еркімен кетуі мүмкін екенін хабарлаған еді. Бұл мәлімдемеден кейін әлеуметтік желілерде оны қолдаған пікірлер мен жазбалар пайда болды. Көптеген ата-ана бұл шешімнің артында шенеуніктер тарапынан қысым бар деп топшылаған. Алайда Дидар Сыдықбек мұндай қысым болмағанын, бәрі өз шешімі екенін мәлімдеді.

«Атырау» ФК баспасөз қызметінен анықтағанымыздай, қазіргі таңда Дидар Сыдықбек қызметінен кету туралы ойын өзгерткен. Ол Атыраудағы жұмысын жалғастыра беретінін, қазіргі уақытта «Атырау» мен алматылық «Қайрат» арасындағы ойынға байланысты Алматыда іссапарда жүргенін хабарлады.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

16 сәуір, 12:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.