Атырау, 24 сәуір 0340
 ашықВ Атырау +24
$ 518.34
€ 591.06
₽ 6.27

«Атырау» ФК директоры тағайындалған соң бір айдан кейін қызметінен кетуді жоспарлап отыр

346 просмотра
Д.Сыдықбектің әлеуметтік желідегі парақшасынан алынған сурет

"Атырау" футбол клубы директорлығына жақында тағайындалған Дидар СЫДЫҚБЕК алдағы аптада клубтан кететіні туралы өз ұсынысын талқылауға ұсынды. Ол өзінің телеграм каналында клубты дамыту туралы мақсатпен келгенде бір айға жетпей кері кетемін деген ой мүлдем болмағанын жеткізді. 

“Достар, өмірдегі ең маңызды нәрсе — өз-өзіңе адал болу, әрине, сіздерге де. Сол себепті бәрін ашық айтқым келеді: өзім үшін келесі аптада “Атырау” футбол клубынан кету туралы мәселені талқылауға шешім қабылдадым. Неліктен «талқылауға» деймін? Себебі клубтың дамуына өз қалтамнан салған қаражатқа қатысты сұрақтар бар және екінші — мен клубты қайта жандандыру үшін өз мойныма үлкен міндеттемелер алдым. Ал бастапқыда кетемін деген ой үш ұйықтасам түсіме кірмеген. Бүгінде жай ғана өтініш жазып, барлығымен жақсы қарым-қатынаста қоштасқым келеді. Бұл қаланы және клубқа қатысы бар барлық адамды өте жақсы көріп кеттім. Ішімде ешқандай реніш жоқ, ешкім мені кетуге мәжбүрлеп жатқан жоқ. Жай ғана, шамасы, бәрі оңай болады деп, сәл артық үміттеніп қойған шығармын. Өзім үйреніп қалғанмын: қай жерде болсам да, негізгі шешімдер менің сөзіме сүйеніп қабылданатын. Бұдан былай мені күтпейтін жерге бармаймын”, - деп жазды өз каналында. 

Сондай-ақ, ол "Ең бастысы — клуб пен облыс басшылығы арасындағы байланысты реттедім. Өкінішке қарай, мақтана алатын жалғыз жетістігім — осы сияқты. Енді алда — МФЛ, соған дайындаламын",  - деп жоспарымен бөлісті. 

Еске салсақ, жақында облыстық прокуратураның ұсынысымен «Атырау» клубы мемлекет меншігіне қайтарылғанын жазған едік. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

14 сәуір, 13:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.