
Индербор кентінің "Болашақ" ықшам ауданында күннің күрт жылынып кетуіне байланысты еріген қар суы әбігерге салды.
- Ақпанның аяғы мен наурыздың алғашқы күндері қар мол түсіп, ол бір болмай еріп кетті. Аяқ басар жер қалмады, су айдынға айналды, үйлерге қауіп төнді. Баспанамызды аман алып қалу үшін жұртшылық жұмыла жұмыс жасады. Аудан басшылары да күн-түн демей осында жүрді бар техникасымен,-дейді тұрғындар.
Қар суын бұру, оны сору жұмыстарына су соруға арналған үш техника, сегіз мотопомпа пайданылды. Бұдан бөлек 20 жұмысшы еңбек етті.
- Мол су бұл өңірде жыл сайын болады. Табиғат бірден жылылық танытты ғой, бар күш осы ықшам ауданға жұмылдырылды. Бүгінде су сарқыла келді, ахуал тыныш,-дейді кент әкімі Шалқар АЛМУРЗИЕВ.
Айта кету керек, өткен жылдан бері бұл ықшам ауданда жол төсеу жұмыстары жүруде.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
В Атырау -3