Атырау, 2 наурыз 2143
 бұлттыВ Атырау -14
$ 499.22
€ 519.14
₽ 5.64

АМӨЗ-дің бұрынғы бас директоры Мұрат Досмұратовтың үкімі апелляциядан кейін қатайды

1 378 просмотра

Облыстық сот 2024 жылдың қарашасында Атырау қаласының №2 сотының «АМӨЗ» ЖШС-нің бұрынғы бас директорына қатысты шығарған үкімін қайта қарады.

Еске салайық, Досмұратов кінәлі деп танылғанымен, ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылған болатын. Сондай-ақ мемлекет пайдасына одан 2 миллиард теңге өтемақы өндірілді. Бұрынғы директордың мердігер ЖШС-нің кепілдік міндеттемелері аясында 2 млрд теңге шамасында жылу алмастырғышты жөндеу жұмыстарын сатып алуға тендер жариялағаны үшін сотталғаны белгілі. Айыптаушы тараптың пікірінше, бұл негізсіз болған.

Облыстық сот алқасының қаулысымен Досмұратовтың үкімі ескіру мерзімі өтпегендіктен өзгертілді. Нәтижесінде,  сотталушыға 2 миллиард сомаға қосымша Қылмыстық кодекстің 371-бабының 2-бөлігі бойынша 6,9 миллион теңге көлемінде тағы айыппұл тағайындалды. Үкімнің басқа бөлігі өзгеріссіз қалдырылды. 

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

31 қаңтар, 18:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16