Атырау қаласының №2 сотында өз өкілеттіктерін тиісінше орындамады деп айыпталған «AМӨЗ» ЖШС-нің бұрынғы бас директоры Мұрат ДОСМҰРАТОВҚА қатысты сот үкімі шықты.
Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жауапкер мердігер ЖШС-нің кепілдік міндеттемелері аясында жылу алмастырғышты жөндеу жұмыстарны сатып алуға шамамен 2 млрд теңгеге тендер жариялаған. Айыптаушы тараптың айтуынша, бұған негіз болмаған.
Сот шешімімен Қылмыстық кодекстің 11-бабының 2-бөлігі бойынша Қылмыстық кодекстің 371-бабының 2-бөлігіндегі әрекет онша ауыр емес қылмыс болып табылады. Нәтижесінде, онша ауыр емес қылмыс жасаған күннен бастап 2 жыл өтсе, М.Досмұратов қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Бұл ретте одан мемлекет пайдасына келтірілген шығын үшін 2 миллиард теңгеге жуық соманы өндіру туралы қаулы шығарылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
АМӨЗ бұрынғы директорының жұбайы Нұргүл ДОСМҰРАТОВАНЫҢ айтуынша, қорғаушы тарап сот шешіміне шағымданбақ.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА