Атырау, 18 желтоқсан 23:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

"Синопек" кешенді тапсыру мерзімін орындамады

2 871 просмотра

2013 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ инвестициялық қызметі мәселелері бойынша өткен кеңесте «ҚазМұнайГаз» АҚ төрағасының міндетін атқарушы Данияр БЕРЛІБАЕВ Атырауда хош иісті көмірсутек өндіру кешенін (ХӨК) іске қосу белгісіз мерзімге кейінге қалдырылғанын хабарлады.

Біз АМӨЗ бас директоры Қайрат ОРАЗБАЕВТЫҢ атына редакциялық сауал жолдадық. Ал әзірге интернет-басылымдар үзінді келтірген Берлібаевтың сөзін ұсынамыз:

«Бұл зауытты біз 2013  жылдыңжелтоқсанында іске қосу керек болатынбыз, - дейді Берлібаев. –Осы жобаны іске қосыпүлгермейміз. Мердігер «Sinopec Engineering» премьер-министрден жобаны жүзеге асыру мерзімін 2014 жылдың шілдесіне дейін ұзартуды өтінген болатын. Олар, біріншіден, біз оларға жолдаған жоба құжаттамасы болған жоқ деп есептейді. Олар жергілікті стандарттарға үйренісіп кететіндей тәжірибесіболмағанын, мұныңбіраз уақытты қажет еткенін өздері мойындап отыр. Екіншіден, ХӨК-тегі жалпы зауыттық шаруашылық нысандары АМӨЗ-дегі мұнайды терең өңдеу кешеніндегі екінші жобаны жүзеге асырумен байланысты. Үшіншіден, оларға шетелдікжұмыс күшін тартуға ұзақуақыт рұқсат берілмеді. Біз мұны мойындаймыз. Төртінші мәселе - құрал-жабдықтарды жеткізу мерзімдері, құрал-жабдықтарды жеткізу ұзақтығы».

Оның айтуынша, құрал-жабдықтарды жеткізу мерзімініңорындалмауы тасымалдаумен айналысатын логистикалық компанияның кінәсінен болған. «Самұрық-Қазына» қоры басқармасының төрағасы Өмірзақ ШӨКЕЕВ қытайлық компанияларға айыппұл санкцияларын қолдануды талап етті:

«Қазір анықтаймыз, бәлкім, мен де қатысатын шығармын. Мұны бір жағына шығару керек. Біздің жобадағы қытайлық тарап үнемімерзімдерді уақытындаорындамайды, сондықтан бұл мәселеге қатал қараукерек. Келісімшартпен қарастырылған барлықайыппұл санкцияларықолданылсын. Олардың31 шілдеде сұрағандарына әзірге ешқандай келісім берілмесін», - деп сөзін түйіндеді Шөкеев.

Естеріңізге салсақ, ХӨК құрылыс алаңында алғашқы тасты қалау салтанаты 2010 жылы 4 қыркүйекте «ҚазМұнайГаз» ҰК басқармасының төрағасы Қайыргелді ҚАБЫЛДИННІҢ қатысуымен өткен еді. Алайда құны 1 млрд 40 млн доллар тұратын жаңа өндіріс құрылысының жобасы ресми түрде бір айдан кейін – 2010 жылдың 1 қазанынан басталды. Бас мердігер – қытайлық «Синопек Инжиниринг»компаниясы жобаны «кілтпен» 39 ай ішінде, яғни, 2013 жылы желтоқсанның аяғында тапсыруға міндеттелді. Іске қосылған кезде «Синопек Инжиниринг» компаниясы тарапынан жоба жетекшісі Чжен ФУЦЯН мырза ХӨК-тің құрылыс алаңына күніне 60-80-нен 2 мың 12 метрлік жұмыс қазықтары қағылады деп хабарлаған болатын.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

1 тамыз 2013, 12:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.