Атырау, 11 қаңтар 22:07
 ашықВ Атырау -4
$ 526.81
€ 542.72
₽ 5.16

​Мұғалімнің өз-өзіне қол жұмсау әрекеті: жағдай Оқу-ағарту министрлігінің ​бақылауында

111 просмотра

Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Атыраудағы Салық Зиманов атындағы №37 мектеп мұғалімінің өз-өзіне қол жұмсау әрекетіне қатысты түсініктеме берді.

Орын алған жағдайға байланысты Атырау облысы әкімдігінің білім басқармасының, білім бөлімінің және ҚР Оқу-ағарту министрлігінің білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің өкілдерінің қатысуымен арнайы комиссия құрылды. 

Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті мәселені өз бақылауына алды. Қазіргі уақытта жағдайды жан-жақты зерделеу, тексеру жұмыстары басталды. Министрліктің аумақтық департаментімен кезектен тыс педагогикалық этика жөніндегі облыстық кеңес өткізілді, оның қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады.

Мұғалімнің қазіргі жағдайы тұрақты деп бағалануда, оған барлық қажетті психологиялық көмек көрсетіледі. 

Естеріңізге сала кетейік, «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының талаптарын бұзу фактілері анықталған жағдайда, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің жергілікті жерлердегі аумақтық департаменттеріне немесе Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне +7 (7172) 74-23-92 телефон нөмірі арқылы хабарласу сұралады.

Еске салайық, бұған дейін бұл оқиғаға полиция мен денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берген болатын.

Бүгін, 19:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.