Атырау, 11 қаңтар 03:23
 ашықВ Атырау -3
$ 526.81
€ 542.72
₽ 5.16

№37 мектеп мұғалімі өз-өзіне қол жұмсамақ болды

120 просмотра

10 қаңтар күні кешке Атырауда Салық Зиманов атындағы №37 мектеп мұғалімінің өзіне қол жұмсамақ болғаны белгілі болды. Оқиға мұғалімге қысым көрсетуден болуы мүмкін деген болжам бар.

Былтыр желтоқсан айында бұл мектепте ұстаздар ұжымы мен әлеуметтік демалыстан келген директор арасында жанжал шыққан. Мектеп директоры өз орынбасарларын жұмыстан босатып, мұғалімдерге сабақ сағатын қайта есептеу туралы хабарлаған. Бұл наразылық туғызды. Мұғалімдер оқу жүктемесінің азайғанына шағымданып, жыл ортасындағы өзгерістер жұмыстарына кедергі келтіріп жатқанын айтты.

Қалалық білім басқармасының хабарлауынша, №37 мектептегі жағдай мектеп директоры оқу үдерісі басшыларын жұмыстан босату туралы мәлімдемесінен кейін мұғалімдердің БАҚ өкілдерін шақыруынан басталған. Осыған орай Атырау қалалық білім бөлімінің басшысы А.Дүйсекенова мектеп ұжымымен кездесіп, жиналыс өткізді.

Жиналыс  барысында мұғалімдердің  уәждері  жан-жақты тыңдалып,  мектеп  әкімшілігіне  мектеп  ұстаздарын   заңсыз  жұмыстан  босатуға  тыйым  салынды. Өткізілген  жиналыстың  қорытындысымен С. Зиманов атындағы №37 орта мектебінің директорына қалалық білім бөлімі тарапынан мектеп ұжымындағы педагогикалық-психологиялық ахуалды қалыпқа келтіру және педагогтердің жұмыс орнын сақтап қалу туралы хаттамалық тапсырма берілген болатын.

Алайда, 10 қаңтар күні Facebook әлеуметтік желісінде аталған мектепте қызмет ететін мұғалімге қатысты жазба жарияланды. Қазіргі уақытта орын алған жағдай бойынша анықтау жұмыстарын білім бөлімі жүргізуде.

"Атырау қалалық білім басқармасында орын алған жағдайды зерделеу үшін арнайы топ құрылады. Қажетті тексерулер жүргізіліп, барлық тиісті мән-жайлар мұқият анықталады. Тексеру барысында құқық немесе заң бұзушылықтар анықталса, заңға сәйкес тиісті шаралар алынады. Сонымен қатар, мұғалімдердің жұмыс орнын сақтау мәселесі қатаң бақылауда болады", - делінген хабарламада.

Полиция немесе денсаулық сақтау басқармасынан әзірге ешқандай түсініктеме болған жоқ.

Айнұр САПАРОВА

Бүгін, 00:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.