Атырау, 19 ақпан 20:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 489.30
€ 578.94
₽ 6.38

№37 мектеп мұғалімі өз-өзіне қол жұмсауға оқталды: полиция мен дәрігерлердің түсініктемесі

1 028 рет қаралды

10 қаңтар күні кешке Атыраудағы Салық Зиманов атындағы №37 мектеп мұғалімінің өзіне қол жұмсамақ болғаны белгілі болды. Атырау облысының полиция департаменті мен денсаулық сақтау басқармасы оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Полицейлер дәрі-дәрмек қабылдаған 1985 жылы туған азаматшаның өз-өзіне қол жұмсауға оқталу әрекетін анықтап, тіркеді. Қазіргі уақытта жан-жақты тергеу жүргізілуде, деп хабарлады ведомство.

Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жедел жәрдем әйелді ауруханаға жеткізіп, медициналық көмек көрсетілген. Алайда науқас ауруханаға жатқызудан бас тартты.

Айнұр САПАРОВА

11 қаңтар 2025, 16:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.