Атырау, 4 маусым 20:55
 дождьВ Атырау +25.1
$ 489.31
€ 568.33
₽ 6.63

Назарбаев пойыз апатына байланысты Испания короліне көңіл айту жеделхатын жолдады

3 033 рет қаралды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Испания Королі Хуан Карлос I-ге Галисия провинциясында болған теміржол апатына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті көп адамның қазасына әкеп соқтырған Сантьяго-де-Компостела қаласы маңында болған теміржол апаты туралы жайсыз хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын, сондай-ақ жеке өзінің және Қазақстан халқының атынан қайғырып көңіл айтатынын жеткізген.

«Осы қиын сәтте, қымбатты досым, қаза тапқан және зардап шеккен жандардың туған-туыстары мен жақындарына менің көңіл айтуымды және қолдауымды жеткізуді сұраймын», – делінген жеделхатта.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

26 шілде 2013, 11:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.