Сергей Давыдов. Суре Олег ЛебедевтікіКеше, Еуропа лигасы аясындағы кезекті іріктеу ойынын өткізген «Ақтөбе» футбол клубы өз алаңында норвегиялық «Хедд» командасын жеңіп,келесі айналымға жолдама алды.
Бұған дейінгі ойында «Ақтөбе» өз қарсыластарына 0:1 есебімен жол беріп қойған болатын. Сондықтан осы жолы кем дегенде екі ұпаймен басым түсу керек еді. Қазақстанның командасы осы мақсатты ойдағыдай орындап шықты. Есеп - 2:0. Бұл матчта «Ақтөбе» сапында ойнап жүрген ресейлік легионер Сергей Давыдов екі бірдей голдың авторы атанды. Келесі айналымда біздің команда Исландияның «Брейдаблигімен» кездеседі.
Дереккөз: ҚазАқпарат