АСТАНА, 25 шіл –Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі Бас Прокуратураға Астанада 30 баланың гепатитке шалдығу фактісі бойынша бірлескен тексеріс өткізу жөнінде ұсыныс білдірді деп хабарлайды бейсенбіде денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі ҚР Бас Прокуратурасына Астана қаласындағы Ұлттық Медициналық Холдингтің Ана мен бала ұлттық орталығында лейкоз дертіне шалдыққан науқас балалардан гепатит вирусының анықталу жағдайына бірлескен тексеріс өткізу жөнінде ұсыныс білдірді»,-делінген хабарламада.
Естеріңізге салайық, Осыдан бірер күн бұрын Астанадағы «Ана мен бала орталығындағы» гематоонкология бөлімінде жатқан 30-ға жуық бала гепатитке шалдыққан болатын. Ата-аналар мұның бәріне дәрігерлерді кінәлады. Айтуларынша, донорлардың жоқтығынан ақ халаттылар науқас балаларға тазартылмаған қан құйыпты. Бірақ дәрігерлер өздеріне шаң жуытар емес. Қазір орталықта жан-жақты тексеру жүргізілуде.
Дереккөз: newskaz.kz