Атырау, 25 қараша 11:38
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мал базарында тағы бір сиыр өліп, бір адам ауруханаға жатқызылды

65 просмотра

Еске сала кетсек, осыдан бұрын Атырау қаласындағы "Асыл-агро" мал базарындағы ірі қарадан сібір жарасы анықталған еді.  

- Өлген ірі қара Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылынан келген. Жалпы базарға мал тірілей әкеліп сатылады. Ал өлген сиыр мал базарында 15 күндей тұрды, келгенде арық болатын. Дәрігерлік анықтама берілген, сібір жарасына байланысты вакцина алынған. Айта кету керек, базарға келген мал бірден сатылып кетпейді, кейде бірнеше күндеп тұрып қалады. Шөбі, жемі, суы беріліп тұрады. 12 қарашада сиыр өлгесін бірден мал дәрігеріне хабарластым. Олар өлекседен сынама алып Астана қаласындағы ғылыми-зерттеу орталығына жібергенде қорытындысында сібір жарасынан өлгенін анықтады, - дейді "Асыл-агро" шаруа қожалығының төрағасы Нұфтолла ҚҰЛБАСОВ.

Оның айтуынша, базар уақытша жабылғанымен мұнда әлі 50 шақты сатылымда тұрған мал бар. Олардың бәрінен сынама алынып, адамдар оқшауланды. Сонымен қатар малдың қасында жүрген 16 адам оқшауландырылып, қазір дәрігерлердің бақылауында деп хабарланды. "Адамдарға қатысты зертхана нәтижесі әлі дайын емес", - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Амангелді САЛАМАТ

22 қараша сағат 17.30-да бір адамды дене қызуымен облыстық ауруханаға жатқызылғаны белгілі болды. Оның анализдерінің қорытындысы келесі күні дайын болады делінген. 

21 қарашада мал базарында Құрманғазы ауданынан Атырауға жеткізілген бір баспақ (сиыр) өлген. Оның неден өлгенін анықтау үшін сынама алынды. Күні бұрын, 20 қарашада Атырау қаласының әкімі Шәкір КЕЙКИН мүйізді ірі қара малынан сібір жарасының анықталуына байланысты "Асыл-агро" шаруа қожалығына карантин жариялануын шешім еткен болатын. Ақтөбе қаласынан арнайы мамандар келіп, қаладағы мал базарларында дезинфекция жұмыстарды бастады: шаралар инфекцияның таралуының алдын алуға бағытталған.

Жалпы қаладағы басқа да мал базарлары назардан тыс қалмады. Кейбір шаруалар мал сібір жарасынан өлгендігіне сенбейді. Өзі базарға әкелгенде арық, көтерем болғанын айтады. 

"Өлген малдың жанында болған 15 адам қазір дәрігерлердің бақылауында", - дейді облыс әкімінің баспасөз қызметкерлері. 

"АЖ" анықтамасы: 

Сібір жарасы - бұл қоздығышы Bacillus anthracis спора түзуші бактериясы болып табылатын жануарлар мен адамның жіті жұқпалы ауруы. Сібір жарасының үш түрі бар: терілік, өкпелік және ішекті. Сібір жарасын жұқтырушы ол үй жануарлары. Ауру адамнан адамға жұқпайды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

23 қараша, 11:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.