Атырау қалалық ветеринариялық инспекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, малдың бірі 12 қарашада өлген. Инфекцияға қатысты сынамалар алынып, нәтижесінде сібір жарасының белгілері анықталды.
20 қарашада «Асыл Агро» шаруа қожалығының аумағында малды егу шаралары басталып, нысан толығымен дезинфекцияланды. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет байланыста болған адамдарды анықтап, қызметкерлерді тексереді.
Ветеринариялық инспекция санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен бірлесіп, аурудың себептерін анықтау бойынша қажетті шаралар алуда. Алдын алу мақсатында облыстық ветеринариялық зертхана барлық бес ет базарынан сынама алады.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА