Атырау, 25 желтоқсан 18:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

«Үш кербезге» тағы да «жаңа өмір» уәде етілді – 2

622 просмотра
«Үш кербезге» арналған хауыз

Бұдан бұрын Атыраудағы ең көне субұрқақтың қалдықтары Ретро саябаққа көшірілгені хабарланған еді. Шамасы, қоғамдық резонансты ескерген болуы керек, қала әкімі Шәкір КЕЙКИН өз бастамасымен «АЖ»-ға қосымша ақпарат ұсынды.

Оның айтуынша, жоба демеушілік арқылы қаржыландырылады. «Кербездер» үшін саябақта екі орын қарастырылған, оның бірі таңдалады. Сонымен қатар, мүсіндік композиция қалпына келтірілмек.

«Мүсінді қалпына келтіру де, көшіру жұмыстары да осы айда болуы мүмкін», - деді ол.

Соңғы уақытта ретро стилінде өткізіліп жатқан дискотекалардың арқасында танымал бола бастаған саябаққа келер болсақ, келер жылға бірқатар абаттандыру жұмыстары жоспарланған. Оның ішінде, атап айтқанда, шағын су қоймаларын жаңарту, жазғы кинотеатр, балалар ойын алаңын жайластыру және жұмыссыз тұрған павильондарды кафе ретінде сенімгерлік басқаруға беру. Айтпақшы, соңғысына тендер жарияланған.

Ретро саябағын көгалдандыру жұмыстары да жалғасын таппақ. Сонымен, былтыр күзде шаған, емен, көктерек отырғызылды; биыл – боз арша, ергежейлі қайыңдар, сәндік алхорылар (писсарди сорты), бұталар мен гүлдердің алуан түрі, сондай-ақ 6 мың ш.м. газон. Жерсіну деңгейі – 95%. Барлық жасыл желекті күтіп-баптауға және жаңасын отырғызуға бюджеттен биыл 90 миллион теңге бөлінді.

...Ал, «Үш кербездің» орнына келер жылы басқа, заманауи субұрқақ орнатылмақ.

Лев ГУЗИКОВ 

Суреттерді түсірген автор

11 қараша, 13:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.