Атырау, 2 қараша 11:36
 дождьВ Атырау +1.9
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65

​Қазақстан және ОПЕК+ елдерінің мұнай өндірісі желтоқсан айында тұрақты деңгейде қалады

100 рет қаралды

Қазақстан мен ОПЕК+ альянсына мүше өзге де алты мемлекет 2026 жылдың желтоқсан айында мұнай өндіру көлемін арттырмау туралы шешім қабылдады. 

Қатысушы елдер қыркүйек айында белгіленген мұнай өндірудің міндетті деңгейін желтоқсанда да сақтауға келісті. 

«ОПЕК+ ұйымына мүше жеті мемлекет 2026 жылдың қыркүйегінде бекітілген міндетті өндіру деңгейін 2026 жылдың желтоқсанында да сақтау туралы шешім қабылдады. Жеті ел Ынтымақтастық декларациясын толық орындауға ұжымдық адалдықтарын тағы да растады», — делінген ресми мәлімдемеде. 

Қолданыстағы уағдаластықтарға сәйкес, желтоқсан айында Қазақстан үшін мұнай өндірудің мақсатты көрсеткіші тәулігіне 1,628 миллион баррелді құрайды.

Бүгін, 10:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.