Атырау, 2 қараша 11:15
 дождьВ Атырау +1.9
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65

Ақтөбеде есірткі бизнесімен айналысқан онлайн-айырбастау сервисі тоқтатылды

76 рет қаралды
видеодан скриншот
видеодан скриншот

Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің қызметкерлері есірткі интернет-дүкендеріне ақша қабылдап, оны әрі қарай аударумен айналысқан қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды.

Тергеу мәліметінше, Ақтөбе қаласының тұрғыны әлеуметтік желілерде онлайн-айырбастау сервисін құрып, оған жеті сыбайласын тартқан. Топ мүшелері өзара міндеттерді бөлісіп, күндіз-түні кезекпен жұмыс істеу арқылы транзакцияларды тәулік бойы өңдеуді ұйымдастырған.

Қылмыстық схема төмендегідей жұмыс істеген: интернет-дүкен операторлары психотроптық заттарды сатып алушыларды төлем жасау үшін осы айырбастау сервисіне бағыттаған. Ақша аударымы расталғаннан кейін клиенттерге есірткі жасырылған «жасырын орындардың» координаттары жіберілген.

Сервис арқылы күн сайын 50-ден 70-ке дейін төлем операциясы жүргізілген. Қылмыстық әрекеттердің ізін жасыру үшін қаржылық делдалдар дропперлердің (үшінші тұлғалардың) атына рәсімделген 22 банк картасын пайдаланған. Түскен қаражат жедел түрде криптовалютаға айырбасталып, есірткі бизнесін ұйымдастырушылардың криптоәмияндарына аударылып отырған.

Қылмыстық схема жұмыс істеген кезеңде аударымдардың жалпы сомасы 918 мың USDT-ден асып, қазіргі бағам бойынша 400 миллион теңгеден астам қаражатты құраған.

Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы сот санкциясымен қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеудің өзге де мәліметтері жария етуге жатпайды.

Бүгін, 09:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.