Атырау, 2 қараша 12:30
 дождьВ Атырау +9.3
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65

Қызылордада ірі инвестордың құқығы қорғалды: заңсыз араласу әрекеті тоқтатылды

61 рет қаралды
ЖИ арқылы жасалған сурет
ЖИ арқылы жасалған сурет

Қызылорда прокуратурасы ірі инвестор — «TEMA RETAILKZ» ЖШС қызметіне заңсыз араласу әрекетінің жолын кесті. Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшылығы мен қызметкерлері жауапкершілікке тартылды.

Қадағалау органының хабарлауынша, Қызылорда қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы прокуратурамен алдын ала келіспей, компанияға қатысты жедел ден қою шарасын қолданған. Шенеуніктер тиісті шешімді қабылдағаннан кейін ғана бекітуге жолдаған.

Прокурорлық тексеру барысында шешімнің негізсіз екені анықталып, оны келісуден бас тартылды.

«Анықталған заңбұзушылықтарды жою мақсатында қала прокуратурасы Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне қадағалау актісін енгізді. Нәтижесінде инвесторға қатысты заңсыз қолданылған шараның күші жойылды», — деп атап өтті ведомствода.

Кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін қалалық басқарма басшысы мен бас маман ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 173-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың әрқайсысына 432 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Прокуратура инвесторлар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау қадағалау органдары жұмысының басты басымдықтарының бірі болып қала беретінін атап өтті.


Бүгін, 11:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.