Атырау, 2 қараша 11:15
 дождьВ Атырау +1.9
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65

Зеленский Ердоғаннан Путинмен келіссөздерді Түркияда өткізуді сұрады

72 рет қаралды
фото CNN Turk
фото CNN Turk

Украина президенті Владимир Зеленский Түркия басшысы Режеп Тайип Ердоғанға Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөздерді Түркия аумағында ұйымдастыруға көмектесу жөнінде өтініш білдірді.

Украина көшбасшысы бұл бастамасы туралы CNN Turk телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Зеленскийдің айтуынша, Анкара қақтығысты реттеу үдерісінде прагматикалық әрі шынайы делдал рөлін атқара алады.

«Президент Ердоғанның Путинмен байланыс орнатып отырғанын білемін. Сондықтан біз кездесуді Түркияда өткізуді қолдаймыз», — деді Украина президенті.

Бұған дейін Кремль жоғары деңгейдегі ықтимал байланыстарға қатысты пікір білдірген болатын. Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Владимир Путиннің Владимир Зеленскиймен тікелей диалог жүргізуден ешқашан түбегейлі бас тартпағанын атап өткен еді.

Бүгін, 09:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.