Атырау, 26 желтоқсан 06:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

«Үш кербезге» тағы да «жаңа өмір» сыйламақ

1 430 просмотра

Атыраудағы ең көне субұрқақ қала әкімдігінің шешімімен Ретро саябаққа көшеді.

Бейресми дереккөздерден алынған ақпарат бойынша, жергілікті билік Жилгородок ықшамауданындағы субұрқақты бұзып, «АЖ» бес жылдан бері қадағалап келе жатқан оның «қайта жарақтау» хикаясына нүкте қоюды ұйғарыпты.

Атырау қаласының әкімдігі бұл ақпаратты растап, мүсіндік композиция «жергілікті тұрғындар арасында жағымды әрі тарихи эмоциялар тудыратындықтан", жақын маңдағы Ретро саябаққа көшірілетінін айтты. "Бұл мүсінді көшіру кезінде Ретро саябақта орналасқан субұрқақ қайта жарақталып, «Үш кербез» мүсінінің жаңа тынысы ашылмақ...».

Қала әкімінің орынбасары Тілек МАХУОВ қол қойған хатта да түсініксіз: «Бұл жобаның өзектілігі белгісіз мерзімге созылып кеткендіктен, шешім алқалы түрде қабылданды», - делінген.

Шенеуніктерге субұрқақтың бұрынғы орнында «жағымды әрі тарихи эмоциялар тудыруы» үшін қайта жарақтау жұмыстарын аяқтауға нақты не кедергі болғаны туралы айтылмайды. Сондай-ақ оны қашан көшіретіні және осы жаңа жобаға салық төлеушілердің қанша ақшасы жұмсалатыны айтылмаған.

Лев ГУЗИКОВ 

«Былина» этномәдени бірлестігі ұсынған сурет

18 қазан, 11:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.