Атырау, 2 қараша 13:35
 дождьВ Атырау +9.3
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65

Dostlik Cup 2026: Жас футболшылар тамақтан улану күдігімен ауруханаға түсті

80 рет қаралды
ЖИ арқылы жасалған сурет
ЖИ арқылы жасалған сурет

Қарағандыдан Ташкентке барған 15 жас футболшы жаппай тамақтан улануы мүмкін деген күдікпен ауруханаға жатқызылды. Балалар Өзбекстанға Dostlik Cup 2026 халықаралық турниріне қатысу үшін барған, деп хабарлайды Denski_blog.

Жас спортшылар мен оларды ертіп барған ересектердің алғашқы сырқаттану белгілері 31 қазанда жергілікті қонақүйде таңғы ас ішкеннен кейін байқалған. Олардың дене қызуы күрт көтеріліп, іші қатты ауырған. Бір тәулік ішінде 15 баланың жағдайы нашарлаған.

Ата-аналар маңызды бір жайтқа назар аударған: таңғы ас кезінде жұмыртқа жемеген команданың сегіз мүшесінің жағдайы жақсы. Жергілікті дәрігердің алдын ала болжамы бойынша, бұл тамақтан улану болуы мүмкін. Алайда зертханалық талдаулардың ресми нәтижелері әлі шыққан жоқ.

Жағдайды Қазақстан дипломаттары бақылауға алды.

«Сыртқы істер министрлігіне Ташкентте өтіп жатқан Dostlik Cup 2026 халықаралық футбол фестиваліне қатысушыларға қатысты оқиға белгілі. Медициналық көмекке мұқтаж Қазақстан азаматтарының барлығы Өзбекстанның мамандандырылған медициналық мекемелеріне жатқызылды. Оларға қажетті медициналық қызметтердің толық кешені көрсетіліп жатыр. Қазақстандық дипломаттар зардап шеккендердің туыстарымен және дәрігерлермен тұрақты байланыста», — деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінде.
Бүгін, 11:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.